Әлемдегі ең қарт адам өмірден өтті

25 Сәуір 2022, 22:46
1822
Бөлісу:
Әлемдегі ең қарт адам өмірден өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жапонияның ең қарт кейуана Кейн ТАНАКА қайтыс болды. Ол қаңтарда өзінің 119 жылдығын атап өткен болатын.

Кейн ТАНАКА 2019 жылдан бастап Гиннестің рекордтар кітабына сәйкес Жапонияның ғана емес, бүкіл планетаның ең қарт адамы болып саналды, деп хабарлайды NHK телеарнасына сілтеме жасап.

Кейн ТАНАКА 1903 жылы 2 қаңтарда орыс-жапон соғысы басталғанға дейін дүниеге келген. Ғасырдан асқан әйел соңғы жылдарын Фукуокадағы қарттар үйінде өткізді.

ТАНАКА үйленген, төрт баласын өзі өсіріп, бір баласын асырап алған. Әйел бес император мен екі дүниежүзілік соғыстан аман қалды. Ол шоколад пен соданы жақсы көретін.

Ол өмір бойы күріш торттарын сатушы болып жұмыс істеді. 1970 жылдары әйел зейнетке шығып, Америка Құрама Штаттарына бірнеше рет барған.

 

Өзгелердің жаңалығы