Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Әлемдегі ең қарт адам 140 жаста ма?

4 Сәуір 2025, 15:21
2227
Бөлісу:
 Tolo News
Фото: Tolo News

Ауғанстанның Хост провинциясының тұрғыны Акель Назир өзін 140 жаста екенін айтады. Рас болса, ол әлемдегі ең қарт адам, деп хабарлайды BAQ.KZ Tolo News-ке сілтеме жасап.

Назирдің айтуынша, ол Ауғанстан королі Аманулла ханның (1919–1929) билік құрған кезеңін және Ұлыбританиядан тәуелсіздіктің алғаш рет атап өткені әлі есінде. Бұл оқиға 1919 жылдың 19 тамызында болған. Ер адамның сөзіне қарағанда, ол кезде жасы отыздан асқан екен.

Мен Аманулла ханмен бірге сарайда болдым. Барлығы қуанып, британдықтарды қуып шыққаны үшін король Аманулла ханға алғыс айтты, – деп еске алады Назир.

Әлемдегі ең қарт адам болуы мүмкін Назирдің отбасы шамамен 100 адамнан тұрады. Оның тіпті немерелерінің де немерелері бар. Туыстары Назирдің жасы туралы мәліметті ресми құжаттармен растауға ниетті. 

Ер адамның жасын анықтаумен арнайы топ айналыспақ. Егер олар ұзақ жасаудың нақты дәлелдерін тапса, Назир ерекше медициналық көмек алатын болады. Сонымен қатар, оны әлемдік рекордтар кітабына енгізуге тырысады.

Өзгелердің жаңалығы