Әлемдегі ең көп табыс тапқан спортшы кім?

14 Ақпан 2025, 13:07
363
Бөлісу:
Әлемдегі ең көп табыс тапқан спортшы кім?
Фото: BAQ.KZ

2024 жылы спорт әлемінде ең көп табыс тапқан спортшылар анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

5 ақпан күні 40 жасқа толған әлемге аты дүркіреп тұрған футболшы Криштиану Роналду бай спортшылардың тізімінде көш бастап тұр. Бұл жаста көптеген спортшылар өздерінің бутсылары, кроссовкалары, теннис ракеткалары мен бокс қолғабын қабырғаға іліп, мансабын аяқтап жатады. Алайда португалиялық футбол жұлдызы өткен жылы өзінің рекордтық алтыншы Еуропа чемпионатына қатысып, мансабында 900 гол соқты. 

Ол екінші жыл қатарынан әлемдегі ең жоғары жалақы алатын спортшы ретінде белгілі болды. "Әл-Наср" шабуылшысы 2024 жылы (салықтар мен агенттік төлемдерсіз) 260 миллион доллар табыс тапқан. Ал Сауд Арабиясындағы мансабында 215 миллион доллар жалақы ретінде төленген. Футболшы "Әл-Наср" клубында 2023 жылдың қаңтарынан бері ойнайды. Ал қалған 45 миллион доллар демеушілердің келісімдерінен түскен.

Роналдудан кейінгі алғашқы бестікті баскетболшы Стивен Карри (153,8 миллион доллар), боксшы Тайсон Фьюри (147 миллион доллар), футболшы Лионель Месси (135 миллион доллар) және баскетболшы Леброн Джеймс (133,2 миллион доллар) құрайды.

Бұл аталған тізімде өкінішке қарай әйел спортшылар жоқ. Жалпы алғанда, топ-100 спортшы шамамен 6,2 миллиард доллар табыс тапқан. Бұл өткен жылдың ең жоғары жалақы алатын спортшылар тізімінен 14% артық. Тізімге сегіз түрлі спорт түрінен және 27 елдің спортшысы еніп отыр. Жалақылар, сыйақылар мен турнирлік жүлделер жалпы соманың 4,8 млрд долларын құраса, демеушілік келісімдер мен басқа да табыс көздері тағы 1,4 млрд долларға жеткен.

Өзгелердің жаңалығы