"Әлемдегі ең ақылды ЖИ": Маск жаңартылған чат-ботты таныстырды

17 Ақпан 2025, 08:56
336
Бөлісу:
"Әлемдегі ең ақылды ЖИ": Маск жаңартылған чат-ботты таныстырды
Фото: pixabay.com

xAI технологиялық компаниясының иесі Илон Маск "әлемдегі ең ақылды жасанды интеллектіні" Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында таныстырды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Маск Grok 3 жаңартылған чат-боттың жақын арада іске қосылатынын мәлімдеді.

Grok 3 нақты уақыт режимінде 18 ақпанда кешкі сағат сегізде іске қосылады. Жер бетіндегі ең ақылды жасанды интеллект, - деп жазды бизнесмен.

Масктың айтуынша, Grok 3 – ЖИ барынша жетілдірілген үлгісінің бірі. Жүйе деректерді талдап, әзірге ешбір бәсекелес жасап көрмеген деңгейде тұжырымдар жасауға қабілетті.

Grok ЖИ-ді xAI компаниясы әзірлеген.

ЖИ-дің жаңа үлгісін пайдалану тегін болады деп күтілуде.

Өзгелердің жаңалығы