Әлемдегі ең әдепті елдердің рейтингі жасалды 

Халықаралық сауалнама нәтижесіне сәйкес, Жапония 35,15% дауыс жинап, бірінші орынға шықты.

 pexels.com Бүгiн 2026, 16:49
Бүгiн 2026, 16:49
195
Фото: pexels.com

Халықаралық сауалнама нәтижесі бойынша әлемдегі ең әдепті елдердің рейтингінде Жапония көш бастады. Бұл туралы Time Out басылымы жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Зерттеуді Remitl қаржы компаниясы жүргізген. Сауалнамаға 26 елден 4697 адам қатысып, олардан ең мейірімді әрі сыпайы тұрғындары бар елді атау сұралған. Рейтинг қатысушылардың дауыс үлесіне қарай жасалған. 

Нәтижесінде Жапония 35,15% дауыс жинап, бірінші орынға шықты.

Фото: Russell Kord/Alamy

Екінші орынды 13,35% көрсеткішпен Канада иеленсе, үшінші орынға 6,23% дауыс жинаған Ұлыбритания тұрақтады. Ал алғашқы ондыққа Қытай, Германия, Филиппин, Швеция, Дания, Финляндия және Оңтүстік Африка Республикасы енген.

Ал алғашқы бестікті Қытай мен Германия түйіндейді.

Қазіргі таңда әлемдегі ең сыпайы 25 ел:

1. Жапония
2. Канада
3. Ұлыбритания
4. Қытай
5. Германия
6. Филиппин
7. Швеция
8. Дания
9. Финляндия
10. Оңтүстік Африка Республикасы
11. Австралия
12. Швейцария
13. АҚШ
14. Үндістан
15. Ирландия
16. Жаңа Зеландия
17. Норвегия
18. Нидерланды
19. Таиланд
20. Франция
21. Бразилия
22. Испания
23. Бельгия
24. Италия
25. Австрия

Наверх