Әлемде жарты ғасырда табиғи апаттар 5 есе жиілеп кеткен

3 Қыркүйек 2021, 04:46
3849
Бөлісу:
Әлемде жарты ғасырда табиғи апаттар 5 есе жиілеп кеткен

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кейінгі 50 жылда табиғат апаттары 5 есе жиілей түскен. Ал олардан келген материалдық шығын көлемі 7 есе артқан. Бұл туралы Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымы хабарлайды.

Сарапшылар жағдайдың былай ушығуына климаттың өзгеруі себеп дейді. Мамандар 1970 жылдардан бері су тасқыны, құрғақшылық пен дауыл секілді 11 мыңнан аса табиғат апатына талдау жасаған. Солардың салдарынан 2 миллионнан аса адам опат болыпты. Сарапшылар соңғы жарты ғасырдағы ең алапат табиғат апатттарына Эфиопиядағы құрғақшылық пен АҚШ-тағы Катрина дауылын жатқызған.


Былтыр табиғат апаттарынан 31 миллион адам зардап шекті. Бұл әскери қақтығыстар салдарынан жапа шеккен азаматтар санынан әлдеқайда көп. Табиғат апаттары жиілей түскенімен кісі өлімі азайған. Өйткені біз алдын ала ескерту жүйелерінің арқасында талай адамның өмірін аман алып қалдық. Алайда қауіп сейілмей тұр. Сондықтан біз климаттың өзгеруіне жақсырақ бейімделуіміз керек, – дейді БҰҰ Бас хатшысының апаттар қаупін азайту жөніндегі арнайы өкілі Мами Мизутори.  



Өзгелердің жаңалығы