Әлемде: Үндістан мектептеріндегі дүрбелең, Бразилиядағы апат, Сириядағы жарылыс

Әлемде соңғы тәулік ішінде болған маңызды халықаралық жаңалықтар топтамасы.

 ©BAQ.KZ коллажы 17 Ақпан 2026, 10:42
17 Ақпан 2026, 10:42
797
Фото: ©BAQ.KZ коллажы

BAQ.KZ тілшісі соңғы тәулік ішінде болған маңызды халықаралық жаңалықтар топтамасын ұсынады. Бұл шолуда әлемдегі жалпы жағдайды көрсететін оқиғалар қамтылды.

Үндістанда 28 мектепке жарылыс қаупі туралы хаттар келді

Үндістанның батысындағы Гуджарат штатының ірі қалаларында 28 мектепке жарылыс туралы ескерту жасалған электронды хаттар түсті. Бұл туралы Economic Times басылымы жазды. 

©BAQ.KZ коллажы

Дүйсенбі күні Гуджарат штатының Ахмедабад және Вадодара қалаларындағы кемінде 28 мектепке жарылыс қаупі туралы хабарлама келіп, соның салдарынан кампустардан адамдар эвакуацияланды, - деп жазады басылым.

Оқиғаға байланысты қауіпсіздік шаралары күшейтіліп, электронды хаттардың қайдан жіберілгенін анықтау үшін тергеу амалдары басталды.

Айта кетейік, өткен аптада Үндістан астанасындағы бірқатар мектептерге де осындай мазмұндағы қоқан-лоқы хаттар жолданған болатын.

Бразилияда автобус апатқа ұшырады

©BAQ.KZ архиві

Бразилияның оңтүстік-шығысында автобус аударылып, 6 адам қаза тапты. Сондай-ақ, апаттан 45 адам жарақат алған. Зардап шеккендер жергілікті ауруханаларға жеткізілген. 

Апат Марилия қаласының маңындағы тасжолда болған.

Полиция таратқан деректерге сәйкес, автобус ауылшаруашылық жұмысшыларын Мараньянның солтүстік-шығысынан Санта-Катаринаның оңтүстігіне алма жинауға апара жатқан.

Алдын ала ақпаратқа сәйкес, көлік жолдан шығып, аударылған. Апат себептері тергеу барысында анықталады.

Сирияның Сувейде провинциясында жарылыс болды

pixabay.com

Сирияның оңтүстігіндегі Сувейда провинциясында оқ-дәрі тиелген автокөліктің жарылысы болды.

Сирияның мемлекеттік El-Ihbariyye телеарнасының хабарлауынша, жарылыс Сувейда провинциясына қарасты Эль-Курейя елді мекенінде қару-жарақ пен оқ-дәрі тиелген көлікте болған. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, оқиға салдарынан көп адам жараланған.

Жарылыс оқ-дәрі тиелген көлік Сұлтан Паша әл-Атраш кесенесінің маңынан өтіп бара жатқан сәтте орын алған.

Наверх