Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Әлемде: Трамп Украинаға қару жіберді, Израиль Сирияны бомбалады

17 Шілде 2025, 09:34
593
Бөлісу:

BAQ.KZ тілшісі бір тәулік ішінде болған маңызды халықаралық жаңалықтар топтамасын ұсынады. Бұл шолуда әлемдегі жалпы жағдайды көрсететін оқиғалар қамтылады.

Трамп Украинаға қару жеткізуді бастап кетті

АҚШ Президенті Дональд Трамп Украинаны қару-жарақпен қолдау туралы мәлімдеме жасап, НАТО аясында бұл елге ауқымды көлемде әскери техника жеткізіліп жатқанын растады. Бұл туралы The New York Times пен First Channel News хабарлады.

Patriot зымырандары жеткізілді. Біз аптасына 5-6 мың адамның өмірін сақтап қаламыз. Оның ішінде ресейлік те, украиналық та сарбаздар бар, – деді Трамп.

Ол жаңа келісімді АҚШ үшін тиімді мәміле деп атап өтті. Дегенмен, келісімнің егжей-тегжейі мен нақты іске асу жолдары әзірге құпия күйінде қалып отыр.

Бұл – өте маңызды мәміле. Біз әлемдегі ең үздік әскери жабдықтарды ұсынып отырмыз, ал әлемнің ауқатты мемлекеттері оны сатып алуға дайын, – деп мәлімдеді Ақ үй басшысы.

НАТО-ның жаңадан тағайындалған Бас хатшысы Марк Рютте кемінде 8 елдің Украинаға қажетті қару-жарақты сатып алуға қаражат бөлетінін айтты.

Ол Дональд Трамптың бұл процеске қосқан үлесін жоғары бағалап, АҚШ-тың рөлі шешуші болғанын жеткізді.

Бұл – әділ және орынды шешім. Қаржылық жүктемені еуропалықтар өз мойнына алып отыр, – деді Рютте.

Алайда Трамп АҚШ-тың Украинаға алыс қашықтықтағы зымырандарды жеткізу жоспары жоғын нақтылады.

Сонымен қатар, Трамп пен Рютте жаңа келісім аясында Украинаға қосымша америкалық Patriot әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелері жеткізілетінін растады.

Германия 2 жүйені сатып алуға дайын екенін білдірсе, Норвегия тағы бір жүйені ұсынуға әзір.

Ал Трамп атын атамаған мемлекет өзіндегі 17 Patriot жүйесін сатуға дайын. Бұл 2020 жылы америкалық Raytheon компаниясы Швейцарияға сатуға келіскен 17 ұшыру қондырғысы болуы мүмкін деген болжам бар.

АҚШ бұл келісім арқылы елеулі экономикалық пайда көрмек. Мысалы, Patriot жүйесінің бір батареясы модель түріне қарай 1 миллиард долларға дейін бағаланады. Бір ғана зымыран қағушы шамамен 3,7 миллион доллар тұрады.

Бұдан бөлек, JASSM зымырандарының құны – 1,5 млн доллар, ал ATACMS зымырандары кемінде 1 миллион доллардан басталады.

АҚШ үшін бұл келісім тек саяси ықпалын арттыру ғана емес, әскери-өнеркәсіптік кешеннің де табысын еселеу мүмкіндігі болып отыр.

Израиль Сирияның қорғаныс министрлігінің ғимаратына шабуыл жасады

Израиль қорғаныс армиясы (ЦАХАЛ) 16 шілдеде Дамаск қаласының орталығындағы Сирия қорғаныс министрлігінің штаб-пәтері орналасқан ғимаратқа әуеден шабуыл жасады.

Бұл туралы Израиль әскерінің Telegram-дағы арнасында жарияланған ақпаратта айтылады.

Біраз уақыт бұрын Израиль қорғаныс армиясы Дамаск аймағындағы Сирия режимінің әскери штаб пәтері ғимаратының кіре берісіне әуеден соққы берді, – деп мәлімдеді ЦАХАЛ.

Салдарынан бір адам қаза тауып, 18 адам зардап шекті, – деп хабарлады Сирия денсаулық сақтау министрлігі.

Шабуыл аймақтағы шиеленістің артуы аясында жасалды. Бұған дейін Израиль Сириямен шекараға қосымша бөлімшелер сарбаздары тасталатынын хабалаған болатын. 

Сонымен бірге Сирия билігі де друздық құрылымдар мен бедуин тайпалары арасындағы қақтығыстар болып жатқан Эс-Сувейда провинциясына әскер жіберетінін мәлімдеді.

Ердоғанның басты қарсыласына сот шешімі шықты

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның басты қарсыласы, Ыстамбұлдың бұрынғы мэрі Экрем Имамоглу шенеунікті ел алдында балағаттап, қорқытқаны үшін бір жыл сегіз айға бас бостандығынан айырылды.

Сот Имамоглының Ыстамбұл бас прокуроры Акин Гүрлекке қатысты дөрекі мәлімдемелер жасап, оның адалдығына күмән келтіргенін анықтады. Саясаткер екінші айып бойынша – терроризмге қарсы күреске кедергі келтірді деп ақталды.

Имамоглу оқиғаларды саяси астарлы деп атады. Оның айтуынша, бұл іс ішкі партиялық сайлау қарсаңында ойдан шығарылған, онда ол оппозициялық Республикалық халық партиясынан президенттікке ықтимал кандидат болып саналған.

Еске салайық, Ыстамбұл мэрі Экрем Имамоглу сыбайлас жемқорлық және лаңкестермен байланысы бар деген күдікпен ұсталған болатын. Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, ол Түркиядағы президенттік сайлауда оппозицияның негізгі кандидаты саналған. Ол қамауға алынғаннан кейін Ыстамбұлда наразылық шерулері басталды. 22 наурызда 300-ден астам, ал 23 наурызға қараған түні тағы 323 адам ұсталғаны белгілі болды.

Содан кейін Экрем Имамоглу куәлік бере бастады. Бұдан кейін сот әкімді қамауға алу туралы шешім шығарды.

Бұдан кейін Қазақстанның Ыстамбұлдағы Бас консулдығы қазақстандықтарға сөз сөйлеп, митингілерге қатысудан аулақ болуға шақырды.

Аляска жағалауында жер сілкініп, цунами қаупі жарияланды

Аляска жағалауында Алеут аралдарына жақын жерде жойқын жер сілкінісі болды, цунами қаупі бар. Бұл туралы АҚШ Ұлттық ауа райы қызметі (NWS) хабарлады.

АҚШ Геологиялық қызметінің мәліметінше, жер асты дүмпулері UTC 20:37-де (Астана уақытымен 01:37) шамамен 1060 адам тұратын Санд Пойнт елді мекенінен оңтүстікке қарай 88 шақырым жерде тіркелген. Жер сілкінісінің ошағы 20 шақырым тереңдікте орналасқан.

Магнитудасы 7,3 деп бағаланды. Алеут аралдарының шығыс жартысында цунами қаупі жарияланды. Әзірге зардап шеккендер мен зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.

Өзгелердің жаңалығы