Әлемде: Солтүстік Корея Ресейге тағы 3 мың сарбаз жіберді, Германия Трампқа жауап бермек

27 Наурыз 2025, 12:01
1167
Бөлісу:
Әлемде: Солтүстік Корея Ресейге тағы 3 мың сарбаз жіберді, Германия Трампқа жауап бермек

BAQ.KZ тілшісі әлемде соңғы тәулікте болған оқиғаларға шолу жасап, жария болған жаңалықтар топтамасын ұсынады.

Әлемде: Солтүстік Корея Ресейге тағы 3 мың сарбаз жіберді, Германия Трампқа жауап бермек
Фото: Russian Defence Ministry/dpa/picture alliance

КХДР Ресейге тағы 3000 сарбаз жіберді

Солтүстік Корея жыл басынан бері Ресейге Украинаға қарсы соғыста Мәскеу жағына шыққан күштерді күшейту үшін тағы 3000 әскери қызметкер жіберді. Бұл туралы Оңтүстік Кореяның Біріккен штаб бастықтары комитеті хабарлады.

Сеулдің мәліметінше, бастапқыда Ресейге жіберілген 11 мың КХДР әскери қызметкерінің 4 мыңы қаза тапқан немесе жарақат алған. Бұған қоса, Пхеньян Мәскеуге зымырандар, артиллерия және оқ-дәрілер жеткізуді жалғастыруда. 

Қазіргі таңда Солтүстік Корея Ресейге "айтарлықтай мөлшерде қысқа қашықтыққа арналған баллистикалық зымырандар", сондай-ақ граната атқыштар мен реактивті залптық жүйелер жібергені анықталды, деп хабарлады Оңтүстік Корея. Майдандағы жағдайға байланысты бұл сан ұлғаюы мүмкін деп ескертілді.

Оңтүстік Корея, Украина және АҚШ-тың бағалауы бойынша, КХДР 2024 жылдың қазан айынан бастап Украинамен шекаралас Курск облысында шамамен 10 мың әскери қызметкер орналастырған. Қаңтар айының соңында американдық The New York Times газеті мен британдық Sky News телеарнасы КХДР күштерін майдан шебінен үлкен шығындарға байланысты шегіндіруге тура келгенін хабарлаған.

Әлемде: Солтүстік Корея Ресейге тағы 3 мың сарбаз жіберді, Германия Трампқа жауап бермек
Фото: Jochen Tack/picture alliance

Германияда Трамптың автоимпортқа баж салығына қатаң жауап беруге шақырды

Германия саясаткерлері Еуропалық Одақты АҚШ президенті Дональд Трамп жариялаған автокөлік импортына 25 пайыздық баж салығына қатаң жауап беруге шақырды. 

Жауап тек еуропалық деңгейде болуы керек, өйткені сыртқы сауда – ЕО құзыретіне жатады", – деп мәлімдеді Христиан-демократиялық одақтың сыртқы саясат жөніндегі сарапшысы Армин Лашет ZDF телеарнасына.

Еуроодаққа екіжақты тәсіл қолдану қажет: бір жағынан тиімді жауап ретінде қарсы баж салығын енгізу, екінші жағынан – келіссөздер жүргізу. Лашеттің айтуынша, Вашингтон әрекеттеріне "барынша күшті" жауап берілуі тиіс.

Тағы бір сыртқы саясат сарапшысы Норберт Рёттген сабырлы және үйлесімді реакцияны жақтады. Оның пікірінше, жауап "мақсатты және ұстамды" болуы керек, яғни ЕО-ның да тиімді құралдары барын көрсеткенімен, жағдайды шиеленістірмеуі тиіс.

Еурокомиссия төрайымы Урсула фон дер Ляйен де бұл тарифтерді сынады және Вашингтон шешіміне өкініш білдірді. Ол бұл шара бизнеске зиян тигізіп, АҚШ пен ЕО тұтынушылары үшін қолайсыз салдарлар әкелетінін айтты. Брюссель келіссөздер арқылы шешім іздеуді жалғастырады, бірақ сонымен бірге өзінің экономикалық мүдделерін қорғауға дайын екенін мәлімдеді.

Әлемде: Солтүстік Корея Ресейге тағы 3 мың сарбаз жіберді, Германия Трампқа жауап бермек
Фото: Henning Bagger/Ritzau Scanpix/picture alliance

Дания әйелдер үшін міндетті әскери қызмет енгізеді

Дания үкіметі әйелдер үшін міндетті әскери қызметті енгізу туралы шешім қабылдады. 18 жасқа толған даниялық арулар 2024 жылдың шілде айынан бастап әскерге шақырылуы мүмкін, деп мәлімдеді қорғаныс министрі Троэльс Лунд Поульсен.

Қазіргі қорғаныс және қауіпсіздік жағдайын ескере отырып, қарулы күштерге көбірек жаңа сарбаздарды тарту қажет, – деп атап өтті министр. 

Оның айтуынша, бұл шешім ерлер мен әйелдер үшін әскери қызметте толық теңдікке қол жеткізудің маңызды белгісі болады. 2025 жылдың 1 шілдесінен бастап әйелдер әскерге міндетті түрде шақырылатын болады.

Бастапқыда әйелдерді әскерге шақыру 2027 жылы басталады деп жоспарланған еді. Сонымен қатар, міндетті әскери қызмет мерзімі 4 айдан 11 айға дейін ұзартылды. Қазіргі уақытта Дания қарулы күштерінде әйелдер тек ерікті түрде ғана қызмет етеді.

Данияда міндетті әскери қызмет тек еріктілер саны жеткіліксіз болған жағдайда ғана жүзеге асырылады. Кімнің шақырылатынын жыл сайынғы лотерея анықтайды, деп хабарлайды AFP.

Өзгелердің жаңалығы