Құс тұмауы бүкіл құрлыққа таралып, салдарынан әлемдегі азық-түлік қорына зияны тиіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ Elorda.info сілтеме жасап.
Reuters сайтының жазуынша, зерттеушілер құс тұмауының барлық құрлыққа таралғанын анықтаған. Жабайы құстардан инфекция анықталған.
Төрт құрлықтағы 20-дан астам сарапшы мен фермерлердің айтуынша, вирустың жабайы аң-құстардың арасында таралуы құс фабрикаларындағы аурудың көбейе түсетінін көрсетеді. Демек бұл әлемдегі азық-түлік қорына қауіп төндіреді деген сөз.
Індет Америкада, Еуропада, Азияда және Африкада жиілеп кеткен. 15 ақпанда, яғни кеше Уругвай мен Аргентинада вирусқа байланысты төтенше жағдай жарияланды.
Сарапшылар вирустың таралуына бұрынғыдай жылу немесе аяз әсер етпейтінін алға тартып отыр.