BAQ.KZ тілшісі бір тәулік ішінде болған маңызды халықаралық жаңалықтар топтамасын ұсынады. Бұл шолуда әлемдегі жалпы жағдайды көрсететін оқиғалар қамтылады.
Пәкістан – Ауғанстан шекарасындағы қақтығыстар
Пәкістанмен шекарада болған қақтығыстар салдарынан кем дегенде 133 ауған әскері қаза тауып, 200-ден астам адам жарақат алды. Бұл туралы Пәкістанның Ақпарат министрі Аттаулла Тарар мәлім етті.
Министрдің мәліметінше, Пәкістан армиясы Ауғанстан Қарулы күштерінің 27 жол тосқауылын жойып, тағы 9 бекетті бақылауға алған. Танктер, артиллерия және бронетранспортерлерді қоса алғанда, 80-нен астам әскери техника зардап шеккен.
Сонымен қатар, Кабул, Пактия және Кандагардағы ауған талибандарының қорғаныс позицияларына соққы берілген. Ведомство басшысы құрбандар саны әлі де өсуі мүмкін екенін ескертті.
АҚШ пен Иран жанама келіссөздері
АҚШ пен Иран шенеуніктері Таяу Шығыстағы қақтығыстың алдын алу үшін Женевада жанама келіссөздердің үшінші раундын бастады.
Кездесуге Оманның делдалдық рөлімен АҚШ арнайы елшілері Джаред Кушнер мен Стив Уиткофф, ал Иран делегациясын Сыртқы істер министрі Аббас Арагчи басқарды.
АҚШ президенті Дональд Трамп келіссөздер сәтсіз болса, Иранға шектеулі әскери соққы беру мүмкіндігін жоққа шығармайтынын айтқанымен, дипломатиялық жолмен шешуге бейілділігін растады. Иран келіссөз барысында өз ядролық бағдарламасынан ешқандай қару жасалмайтынын мәлімдеді.
Келіссөздердің мақсаты – ядролық қаруды бақылау, уран байытуға қатысты келісімдер мен аймақтағы шиеленістің алдын алу. Бірақ екі тарап та нақты келісімге қол жеткізудің алдағы перспективасы әзірге белгісіз.
Данияда Гренландия мәселесіне байланысты мерзімінен бұрын сайлау жарияланды
Дания Премьер-министрі Метте Фредериксен 24 наурызда мерзімінен бұрын сайлау өткізілетінін жариялады. Ол алдағы төрт жыл ел үшін шешуші болатынын айтты және Дания мен АҚШ арасындағы қатынасты айқындау қажеттігін атап өтті.
Соңғы айларда Дания саясатын АҚШ Президенті Дональд Трамптың Гренландияны қосып алуға бағытталған жоспары қыздырған еді. Трамп аралды Ресей мен Қытайдан қорғау үшін АҚШ бақылауына алу керек деп мәлімдегенімен, Дания мен Гренландия оған қарсы екенін көрсетіп, Еуропалық одақ тарапынан қолдау тапты.
Гренландияның стратегиялық орналасуы оны Арктикадағы зымыран шабуылдары кезінде ерте ескерту жүйесін орналастыруға ыңғайлы етеді. Қазір аралда АҚШ-тың 100-ден астам әскерісі бар, базаны Екінші дүниежүзілік соғыстан бері АҚШ басқарады.
Фредериксен парламентте: «Біз өз континентімізде бейбітшілікті қамтамасыз ету үшін қайта қарулануымыз керек. Дания, Гренландия және Фарер аралдарының болашағын бірге қамтамасыз етуіміз қажет», - деді.
Гренландия Премьер-министрі Дженс-Фредерик Нильсен Трамптың ұсынысын жоққа шығарып, аралдағы азаматтар үшін денсаулық сақтау тегін екенін еске салды.
ЕО Беларусьтің 54 қауіпсіздік қызметкері мен 7 заңды тұлғаға санкциялар енгізді
Еуропалық Одақ 54 Беларусь қауіпсіздік қызметкеріне, оның ішінде әртүрлі арнайы бөлімшелердің командирлері мен офицерлеріне, сондай-ақ Ресейге қолдау көрсеткені үшін 7 заңды тұлғаға санкциялар енгізді. Бұл туралы ЕО Кеңесінің «Еуропалық Одақтың ресми журналында» жарияланған қаулыда айтылған.
Санкциялар Украинадағы әрекеттері үшін «Ресейге қолдау көрсеткені» және Брюссельдің «адам құқықтарын бұзды» деген айыптары негізінде қабылданған.
Санкциялар шеңберінде Беларусьтің ірі өнеркәсіптік кәсіпорындары да қамтылды. Бұған ДСМ, «Гродно Азот», «Беларусь Калий» компаниялары, сондай-ақ бұрынғы сот шешіміне қарамастан «Белшина» компаниясы кіреді.
Еуропалық Одақ бұл шектеулерді Беларусь пен Ресей арасындағы әскери және экономикалық ынтымақтастыққа байланысты және адам құқықтарын қорғау мақсатында енгізіп отыр.