Әлемде коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 101 млн адамнан асты

<p> </p> <h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлемде коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 101 млн адамнан асты, деп жазды Bloomberg.&nbsp;</h4>

 2 Ақпан 2021 2021, 17:58
2 Ақпан 2021 2021, 17:58
1769

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлемде коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 101 млн адамнан асты, деп жазды Bloomberg. 

Агенттік 64 елде санақ жүргізген. Вакцинацияның орташа көрсеткіші —  күніне 4,25 млн доза. 

Вацинациялау бойынша көш бастап тұрған елдер:

АҚШ - 32,8 млн,

Қытай - 24 млн,

ЕО - 12,7 млн,

Ұлыбритания - 9,8 млн,

Израиль - 5 млн.

Bloomberg Ресейде вакцина алғандар саны 500 мың адамды құрағанын жазған. Алайда 5 қаңтардағы мәлімет бойынша, Ресейде «Спутник V» вакцинасымен 1 млн адам егілген. 

АҚШ-та вакцинаның бір дозасын 32,8 млн адам алған, вакцинацияның орташа деңгейі — күніне 1,3 млн адам. Джон Хопкинс университетінің мәліметіне сәйкес, АҚШ-та вирус жұқтырушылар саны 26,3 млн адамды құрады. Ол әлі де жұқтырушылар саны бойынша көш бастап тұр. 

Одан кейінгі орында Үндістан (10,8 млн), Бразилия (9,2 млн), Ұлыбритания (3,9 млн) және Ресей (3,8 млн).

Наверх