BAQ.KZ тілшісі әлемде соңғы тәулікте болған оқиғаларға шолу жасап, жария болған жаңалықтар топтамасын ұсынады.
Израиль ХАМАС-пен келісімнің екінші кезеңіне өтуден бас тартты
Израиль мен палестиналық ХАМАС қозғалысы арасындағы кепілге алынған адамдарды босату және Газа секторындағы атысты тоқтату келісімінің екінші кезеңі келіссөздерде шешілмей қалды.
.jpg)
Al Mayadeen ливандық телеарнасы мәліметінше, Израиль келіссөздерді кешіктіру арқылы келісім талаптарын бұзды. Палестиналық өкілдер “Израильдік шантаж әдісін қабылдамайтынын” мәлімдеп, тек толық келісім пакеті аясында ғана кепілдегі адамдарды босататынын айтты.
Абхазияда президент сайлауының екінші кезеңі басталды
Абхазияда президент сайлауының екінші туры өтіп жатыр. Дауыс беру 152 сайлау учаскесінде жүріп, 134 мыңға жуық сайлаушының қатысуы күтілуде.

Сайлаудың екінші кезеңінде:
• Бірінші турда жеңімпаз болған Бадра Гунба
• Оппозиция өкілі Адгур Ардзинба
Сайлау нәтижесі 2 наурызда сағат 14:00-де белгілі болады.
Ким Чен Ын КХДР-дың ядролық қаруға дайындық режимін жариялады
Солтүстік Корея көшбасшысы Ким Чен Ын стратегиялық зымырандарды сынақтан өткізгеннен кейін ядролық қаруды қолдануға толық дайындыққа келтіру туралы бұйрық берді, деп хабарлайды NBC News.
.jpg)
Солтүстік Корея бірнеше жыл бойы ядролық оқтұмсықтарды тасымалдауға арналған құрылықаралық қанатты зымырандарды жасап келеді.
Илон Маск 14-ші рет әке атанды
SpaceX компаниясының басшысы Илон Маск 14-ші баласының әкесі атанды. Оның сүйіктісі – Neuralink компаниясының топ-менеджері Шивон Зилис Масктың ұлын дүниеге әкелді.
.jpg)
Сәбидің есімі – Селдон Ликург.
Бұл Маск пен Зилистің төртінші баласы. Бұған дейін жұптың егіздері Азур және Страйдер дүниеге келген.
АҚШ-та Дональд Трамп бейнеленген жаңа банкнота ұсынылды
Оңтүстік Каролинадан сайланған конгрессмен Джо Уилсон АҚШ-та 250 долларлық жаңа банкнота шығаруды ұсынды, деп жазады РИА Новости.
Банкнотада АҚШ президенті Дональд Трамптың бейнесі бейнеленбек. Алайда бұл бастама 1866 жылғы заңға қайшы келеді, өйткені АҚШ валютасында тірі адамдардың бейнесін салуға тыйым салынған.