Әлемде: "Грэмми – 2025" жеңімпаздары кімдер, Трамп Канаданы АҚШ-тың 51-штаты болуға шақырды

Бөлісу:
Әлемде: "Грэмми – 2025" жеңімпаздары кімдер, Трамп Канаданы АҚШ-тың 51-штаты болуға шақырды
PHOTO
Фото: BAQ.KZ - архив

BAQ.KZ тілшісі әлемде соңғы тәулікте болған оқиғаларға шолу жасап, жария болған жаңалықтар топтамасын назарыңызға ұсынады.

"Грэмми – 2025" жеңімпаздары

Әлемде: "Грэмми – 2025" жеңімпаздары кімдер, Трамп Канаданы АҚШ-тың 51-штаты болуға шақырды
Фото: Getty Images

Лос-Анджелесте музыка әлеміндегі ең беделді марапаттардың бірі – "Грэмми – 2025" сыйлығын табыстау рәсімі өтті. Биыл бұл марапат 67-ші рет өтуде, деп хабарлады Рeopletalk.

Crypto.com Arena сахнасында Ұлттық дыбыс жазу өнері және ғылым академиясының мүшелері жылдың басты музыкалық жеңімпаздарын жариялады. Жеңімпаздар тізімін төменде ұсынамыз.

Әлемде: "Грэмми – 2025" жеңімпаздары кімдер, Трамп Канаданы АҚШ-тың 51-штаты болуға шақырды
Фото: Getty Images

Жылдың жазбасы

Әлемде: "Грэмми – 2025" жеңімпаздары кімдер, Трамп Канаданы АҚШ-тың 51-штаты болуға шақырды
Фото: Getty Images

Кендрик Ламар — Not Like Us

Жылдың әні

Әлемде: "Грэмми – 2025" жеңімпаздары кімдер, Трамп Канаданы АҚШ-тың 51-штаты болуға шақырды
Фото: Кевин Винтер/Getty Images

Кендрик Ламар — Not Like Us

Жылдың альбомы

Әлемде: "Грэмми – 2025" жеңімпаздары кімдер, Трамп Канаданы АҚШ-тың 51-штаты болуға шақырды
Фото: Кевин Винтер/Getty Images

Бейонсе — Cowboy Carter

Үздік жаңа әртіс

Әлемде: "Грэмми – 2025" жеңімпаздары кімдер, Трамп Канаданы АҚШ-тың 51-штаты болуға шақырды
Фото: Getty Images

Чаппелл Роан

Үздік музыкалық бейне

Кендрик Ламар — Not Like Us

Үздік вокалды поп-альбом

Әлемде: "Грэмми – 2025" жеңімпаздары кімдер, Трамп Канаданы АҚШ-тың 51-штаты болуға шақырды
Фото: Getty Images

Сабрина Карпентер — Short n’ Sweet

Үздік жеке поп-орындау

Sabrina Carpenter — Espresso

Үздік би-поп жазбасы

Әлемде: "Грэмми – 2025" жеңімпаздары кімдер, Трамп Канаданы АҚШ-тың 51-штаты болуға шақырды
Фото: Getty Images

Charli XCX — Von Dutch

Үздік дәстүрлі вокалды поп-альбом

Әлемде: "Грэмми – 2025" жеңімпаздары кімдер, Трамп Канаданы АҚШ-тың 51-штаты болуға шақырды
Фото: Getty Images

Нора Джонс — Visions

Үздік би/электронды жазба

Justice & Tame Impala — Neverender

Үздік би/электронды альбом

Charli XCX — Brat

Үздік R&B әні

Rob Bisel, Cian Ducrot, Carter Lang, Solána Rowe, Jared Solomon & Scott Zhang (SZA) — Saturn

Үздік дәстүрлі R&B орындау

Lucky Daye — That’s You

Үздік R&B альбом

Крис Браун — 11:11 (Deluxe)

Үздік R&B орындау

Muni Long — Made For Me (Live On BET)

Үздік рэп орындау

Кендрик Ламар — Not Like Us

Үздік мелодиялық рэп орындау

Rapsody feat. Эрика Баду — 3:AM

Үздік рэп әні

Кендрик Ламар — Not Like Us

Үздік рэп альбом

Әлемде: "Грэмми – 2025" жеңімпаздары кімдер, Трамп Канаданы АҚШ-тың 51-штаты болуға шақырды
Фото: Эми Сассман/Getty Images

Doechii — Alligator Bites Never Heal

Үздік рок орындау

The Beatles — Now and Then

Үздік метал орындау

Gojira, Marina Viotti & Victor Le Masne — Mea Culpa (! Ça ira!)

Үздік рок әні

Әлемде: "Грэмми – 2025" жеңімпаздары кімдер, Трамп Канаданы АҚШ-тың 51-штаты болуға шақырды
Фото: Getty Images

St. Vincent — Broken Man

Үздік рок альбом

Rolling Stones — Hackney Diamonds

Үздік альтернативті орындау

St. Vincent — Flea

Үздік альтернативті альбом

St. Vincent — All Born Screaming

Көркем медиа үшін үздік саундтрек жинағы

Leonard Bernstein — London Symphony Orchestra, Yannick Nézet-Séguin, Bradley Cooper

Көркем медиа үшін үздік саундтрек

Hans Zimmer — Dune: Part Two

Үздік музыкалық фильм

Жан Батист — "Американдық симфония"

Үздік кантри-дуэт/топ орындауы

Бейонсе және Майли Сайрус — II Most Wanted

Жылдың ең үздік ән авторы (классикалық емес жанр)

Эми Аллен

Үздік ремикс

Mark Ronson — Espresso

Жылдың үздік продюсері (классикалық емес жанр)

Даниэль Нигро

Үздік латиноамерикандық альбом

Әлемде: "Грэмми – 2025" жеңімпаздары кімдер, Трамп Канаданы АҚШ-тың 51-штаты болуға шақырды
Фото: Кристофер Полк/Billboard/Getty Images

Шакира — Las Mujeres Ya No Lloran

Трамп Канаданы АҚШ-тың 51-штаты болуға шақырды

Әлемде: "Грэмми – 2025" жеңімпаздары кімдер, Трамп Канаданы АҚШ-тың 51-штаты болуға шақырды
Фото: Фото: AP

Sky News агенттігінің мәліметінше, Трамп Канадаға сауда соғысын жариялаймын деп сес көрсетті, оны АҚШ-тың 51-штаты болуға шақырды.

АҚШ президенті 25%-дық импорттық тарифтер енгізетінін мәлімдегеннен кейін Канада мен Мексика өздерінің жауап шараларын қабылдады.

Дональд Трамп өрши түскен сауда соғысы аясында Канадаға тағы да қоқан-лоқы көрсетті. Ол көрші елді "біздің қасиетті 51-штатымыз болуы керек" деп қайталап айтты.

Өткен демалыс күндері АҚШ президенті Канада мен Мексикадан келетін импортқа 25%-дық тарифтер енгізетінін жариялады.

Оған жауап ретінде бұл екі ел де қарсы тарифтер енгізді. Бүгін олар бірлескен іс-қимыл жоспары туралы сөз қозғады.

Жексенбі күні түстен кейін Truth Social платформасында сөйлеген сөзінде Трамп Канада мен Мексикада АҚШ-қа керек ештеңе жоқ екенін айтты.

Біз Канадаға жүздеген миллиард доллар субсидия төлеп отырмыз. Неге? Бұған ешқандай себеп жоқ. Оларда бізге керек ештеңе жоқ. Бізде шексіз энергия бар, өзіміздің көліктерімізді жасауымыз керек, және бізде ешқашан толық пайдалана алмайтын көлемде ағаш қоры бар, - деді АҚШ президенті.

Трамптың айтуынша, егер "алып субсидия" болмаса, Канада "тіршілік етуге қабілетті ел ретінде жойылар еді".

Сондықтан Канада біздің қасиетті 51-штатымыз болуы керек. Канадалықтар үшін әлдеқайда төмен салықтар, әлдеқайда жақсы әскери қорғаныс – ЖӘНЕ ЕШҚАНДАЙ ТАРИФТЕР БОЛМАЙДЫ! – деді ол сөзін жалғастырып.

Кейін Трамп сауда соғысы салдарынан туындауы мүмкін қиындықтар оған тұрарлық екенін айтты.

Қандай да бір ауыртпалық бола ма? Иә, мүмкін (немесе мүлде болмайды!). Бірақ бұл төлеуге тұрарлық баға, - деп мәлімдеді АҚШ президенті.

Аустралияның солтүстік-шығысында өлімге әкелген су тасқыны күшейіп, ел жаңа апатқа дайындалуда

Әлемде: "Грэмми – 2025" жеңімпаздары кімдер, Трамп Канаданы АҚШ-тың 51-штаты болуға шақырды
Фото: Scott Radford-Chisholm/AAP Image/Reuters

Аустралияның солтүстік-шығысында рекордтық жаңбыр салдарынан басталған қауіпті су тасқыны үшінші күн қатарынан күшейіп жатыр. Билік су астында қалған аймақ тұрғындарын жаңа жойқын зардаптарға дайын болуға шақырды, деп хабарлады CNN агенттігі.

Жексенбі күні бір адам суға батып қайтыс болды. Ал Солтүстік Квинслендтің кең аумағына бірнеше күн ішінде бүкіл жаз мезгілінде жауатын жауын-шашын түскеннен кейін, жағалаудағы төмен орналасқан елді мекендер мен қалаларда мыңдаған тұрғынға жедел эвакуация жасауға бұйрық берілді.

Зардап шеккен аудандар Ұлы тосқауыл рифіне кіру нүктесі саналатын Кэрнстен бастап 735 шақырымға (456 миль) созылып жатқан Квинсленд жағалауында орналасқан. Су тасқыны мен өзендердің арнасынан асуы әсіресе Таунсвилл, Ингэм және Кардвелл қалаларына ауыр соққы берді.

Әлемде: "Грэмми – 2025" жеңімпаздары кімдер, Трамп Канаданы АҚШ-тың 51-штаты болуға шақырды
Фото: Queensland Ambulance Service

Бұл аймақтың осыншама қирағанын көру өте ауыр, - деді Квинсленд штатының премьері Дэвид Крисафулли дүйсенбі күні. 

Оның айтуынша, тұрғын үйлер, кәсіпорындар мен ауыл шаруашылығы саласы қатты зақымданған.

Бұл – мықты әрі төзімді қоғамдастық, бірақ мұндай су тасқыны өте сирек кездеседі, - деп қосты ол.

Аустралияның метеорология бюросы дүйсенбі күні жағалаудың кең аумағына қауіпті ауа райы туралы ескерту жариялады. 

Бүгін қатты жаңбыр жауып, жойқын найзағай күтіледі, - делінген хабарламада. 

Әлемде: "Грэмми – 2025" жеңімпаздары кімдер, Трамп Канаданы АҚШ-тың 51-штаты болуға шақырды
Фото: Queensland Ambulance Service

Кейбір өңірлерде бір апта ішінде 1 метрге жуық жауын-шашын түскен. Қазіргі таңда алты өзен су тасқыны деңгейінен әлдеқайда асып, үлкен қауіп төндіріп тұр.

CNN-нің серіктесі Nine News-тің хабарлауынша, жексенбі күні таңертең Ингэм қаласында құтқару қайығы ағашқа соғылып, аударылған. Салдарынан 60 жастағы әйел суға кетіп, қаза тапты. Штаттық апаттарды үйлестіру басқармасының жетекшісі Шейн Челепи қайықта барлығы алты адам болғанын, ал қалған бесеуі құтқарылғанын мәлімдеді.

Өзгелердің жаңалығы