Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Әлемде: Газадағы шабуыл, АҚШ-тағы "шатдаун", Австралиядағы тыйым, Жерорта теңізіндегі жер сілкінісі

13 Қараша 2025, 11:05
437
Бөлісу:
 BAQ.KZ коллажы
Фото: BAQ.KZ коллажы

BAQ.KZ тілшісі соңғы тәулік ішінде болған маңызды халықаралық жаңалықтар топтамасын ұсынады. Бұл шолуда әлемдегі жалпы жағдайды көрсететін оқиғалар қамтылды.

Газада қаза тапқандар саны 69 мыңнан асты

2023 жылдың қазан айынан бері Израильдің Газа секторына жасаған шабуылдары салдарынан 69 185 адам көз жұмды, деп хабарлады Палестина Денсаулық сақтау министрлігі. 

Соңғы тәулікте қирандылар астынан үш адамның денесі табылып, тағы төртеуі жараланған. От ceasefire (оқ атуды тоқтату) жарияланғанына қарамастан, соққылар жалғасып жатыр. Бұл жағдай инфрақұрылымды қалпына келтіру мен бейбіт тұрғындардың өмірін қиындатып отыр.

Әлемде: Газадағы шабуыл, АҚШ-тағы "шатдаун", Австралиядағы тыйым, Жерорта теңізіндегі жер сілкінісі
Anadolu Agency

АҚШ-тағы ең ұзақ "шатдаун"

Өкілдер палатасы алдағы екі айға арналған бюджеттік заң жобасын мақұлдады. Құжатты 222 мүше қолдап, қабылдау үшін қажет болған 217 дауыстан асып түсті. Төрт депутат отырысқа қатыспағандықтан, шешім қабылдау үшін ең аз дегенде 215 дауыс жеткілікті болды.

Әлемде: Газадағы шабуыл, АҚШ-тағы "шатдаун", Австралиядағы тыйым, Жерорта теңізіндегі жер сілкінісі
BAQ.KZ

Заң жобасын 216 республикашылмен қатар алты демократ та қолдаған.

Палата мақұлдағаннан кейін құжатқа АҚШ президенті Дональд Трамп қол қоюы тиіс. Ол жақын арада бұл қадамға дайын екенін мәлімдеді. 

Демократтар өздерінің соңғы әрекеттері арқылы бізге 1,5 триллион долларға шығын келтірді, - деп жазды Трамп Truth Social желісінде.

Заңға қол қойылған соң федералдық мекемелер қалыпты жұмыс тәртібіне қайта оралды. Мемлекет қызметкерлерге төленбей қалған жалақыларын өтейді.

Сонымен қатар, Трамп дағдарыс кезінде бір күн де жұмысынан қалмаған әуе диспетчерлеріне 10 мың доллар көлемінде сыйақы беруді ұсынды. 

Бұдан бөлек, келісімнің шарттарына сәйкес, қызметінен уақытша босатылған барлық федералдық қызметкерлер өз жұмыс орындарын сақтап қалу құқығына ие болды.

Нәтижесінде, АҚШ тарихындағы ең ұзақ 42 күнге созылған шатдаун бүгін аяқталды.

Австралия 16 жасқа дейінгі балаларға әлеуметтік желілерді пайдалануға тыйым салады

Әлемде: Газадағы шабуыл, АҚШ-тағы "шатдаун", Австралиядағы тыйым, Жерорта теңізіндегі жер сілкінісі
pixabay.com

Австралия 2025 жылдың 10 желтоқсанынан бастап TikTok, Snapchat, Facebook, Instagram және Threads платформалары кәмелетке толмаған пайдаланушылардың аккаунттарын бұғаттайды немесе өшіреді. 

Жасөспірімдер өз жасын растауы немесе парақшасына қолжетімділіктен айырылуы тиіс. Заңды бұзған компанияларға 49,5 миллион австралиялық доллар (шамамен 32 миллион АҚШ доллары) көлемінде айыппұл салынады.

Жерорта теңізінде жер сілкінісі болды

Әлемде: Газадағы шабуыл, АҚШ-тағы "шатдаун", Австралиядағы тыйым, Жерорта теңізіндегі жер сілкінісі
pixabay.com

Жерорта теңізінде магнитудасы 5,4 балдық жер сілкінісі 18,8 шақырым тереңдікте тіркелді. Қираулар мен зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.

Сейсмологтар жер асты дүмпулерін бақылауды жалғастыруда.

Перуде автобус апатқа ұшырады

Перудегі Арекипа облысында ірі жол-көлік апаты болды. Арекипа өңірінде жолаушылар автобусы жолдан шығып, жарға құлаған. Оқиға салдарынан кемінде 37 адам қаза тауып, тағы 18 адам әртүрлі дәрежедегі жарақат алған.

Алдын ала ақпарат бойынша, автобус басқаруды жоғалтып, жолдан шығып кеткен. Қазіргі уақытта оқиға орнында құтқарушылар мен құқық қорғау органдары жұмыс істеп жатыр, зардап шеккендер жақын маңдағы ауруханаларға жеткізілді.

Перу билігі әзірге апатқа қатысты ресми мәлімдеме жасаған жоқ, ал апаттың толық себептері анықталуда.

Әлемде: Газадағы шабуыл, АҚШ-тағы "шатдаун", Австралиядағы тыйым, Жерорта теңізіндегі жер сілкінісі
pixabay.com
Өзгелердің жаңалығы