Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Әлемде: Газадағы бейбітшілік, Молдовадағы сайлау қорытындысы

30 Қыркүйек 2025, 11:11
428
Бөлісу:

BAQ.KZ тілшісі бір тәулік ішінде болған маңызды халықаралық жаңалықтар топтамасын ұсынады. Бұл шолуда әлемдегі жалпы жағдайды көрсететін оқиғалар қамтылады.

Ақ үй Газа секторына қатысты бейбітшілік жоспарын жариялады

Ақ үй Газа секторы үшін 20 тармақтан тұратын бейбітшілік жоспарын жариялады. Құжат АҚШ әкімшілігінің әлеуметтік желідегі X парақшасында жарияланды.

Құжатқа сәйкес, елді мекенде анклав тұрғындарын мәжбүрлеп көшіру болмайды.

Ешкім Газадан кетуге мәжбүр болмайды, ал кеткісі келетіндер мұны жасап, қайтып оралуы мүмкін. Біз адамдарды қалуға шақырамыз және оларға Газада жақсы өмір сүруге мүмкіндік береміз, - делінген.

Оның үстіне АҚШ-тың жоспары Израильдің анклавты басып алуын немесе аннексиялауын қарастырмайды. Құжатта бақылау мен тұрақтылық орнағаннан кейін Израиль белгіленген мерзімге сәйкес әскерлерін шығаруға міндетті болады, - делінген.

Ақ үй сонымен қатар Газа секторындағы жағдайды тұрақтандыру үшін уақытша халықаралық күш құруды ұсынып отыр.

Молдовада тарихи сайлау өтті

DW басылымының жазуынша, бұл сайлау Молдова үшін тарихи мәнге ие. Тілшілердің атап өтуінше, өткен сайлау елдің алдағы бағытын айқындап берді. Жаңа төрт жылға сайланған депутаттар құрамы елді Еуропалық одаққа жетелей ме, әлде бұл идеядан бас тарта ма – соны шешуі тиіс болатын.

Басылым дерегінше, сайлауда еуропалық бағыттағы билеуші партия жеңіске жетті.

Сонымен бірге парламентке сарапшылар болжап келгендей 4 емес, 5 саяси күш өтті.

РБК-ның ОСК деректеріне сілтеме жасап хабарлауынша, бюллетеньдердің 98,5%-ы өңделгеннен кейін Молдова президенті Майя Санду негізін қалаған проеуропалық "Әрекет және ынтымақ" (PAS) партиясы 49,71% дауыс жинап отыр.

Екінші орында – оппозициялық «Патриоттық сайлау блогы». Оның көшбасшыларының бірі, Социалистер партиясының төрағасы, экс-президент Игорь Додон Ресеймен жақындасуды қолдайды. Бұл блок 24,44% дауыс алған.

Ал алдын ала мәлімет бойынша, парламентке сондай-ақ проеуропалық «Альтернатива» блогы (8,04%), Ренато Усатыйдың «Біздің партиясы» (6,25%) және «Үйдегі демократия» партиясы (5,66%) өтті.

Саудиялықтар Трамптың құрметіне зәулім ғимарат тұрғызады

Саудиялық Dar Global құрылыс компаниясы 1 миллиард долларға Трамп Плаза Джидданы салуды жоспарлап отыр.

Бұл Трамп ұйымымен бірлескен екінші жоба, ол қаланың келбетін өзгертеді деп күтілуде, - делінген компанияның баспасөз хабарламасында.

Жоба Джидданың орталығында орналасады және премиум тұрғын үйді, қызмет көрсетілетін пәтерлерді, А класындағы кеңсе кеңістігі және эксклюзивті таунхаустарды қамтиды.

Қызыл теңіз жағалауындағы 47 қабатты люкс кешені мамыр айында алдын ала құрылыс жұмыстарына кірісті. Бұл жоба Сауд Арабиясының экономиканы әртараптандыруға бағытталған "Vision 2030" бағдарламасының бөлігі ретіндегі сәнді жылжымайтын мүлік секторының өсуі аясында жүзеге асып отыр.

Біз Сауд Арабиясындағы жұмыстарымызды кеңейткенімізді мақтан тұтамыз. Бұл жоба әлемдік деңгейдегі қонақжайлылықты, заманауи өмірді және серпінді іскерлік ортаны үйлестіре отырып, біздің жаңа, жайлы дүниеге деген көзқарасымызды бейнелейді, - деді Трамп ұйымының атқарушы вице-президенті Эрик Трамп.

Өзгелердің жаңалығы