Біріккен Ұлттар ұйымының дерегі бойынша, Жер шарында зиянды заттарды тұтынушылар үлесі жылдан жылға артып барады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Хабар24 сайтының мәліметінше, бүгінде олардың саны 284 миллионнан асады. Ал есірткімен күрес қалай жүріп жатыр? Әлемде есірткіге «отырған» адамдар саны артып барады. Бұл мәселе әсіресе жастар арасында өзекті болып тұр. Мәселен, қара құрлықта есірткі шырмауына түскен науқастардың 70%-і 35-ке толмаған. АҚШ-тағы жағдай мүлдем жантүршігерлік.
Былтыр бұл елде 109 мың адам ажал құшқан. Өлім деректерінің үштен екісі синтетикалық есірткілермен байланысты, - дейді мамандар.
Соңғы 20 жыл бойы АҚШ есірткіні шамадан тыс пайдаланып көз жұмғандар саны жағынан рекорд орнатып келеді. Бұл заттарды қолдануда белгілі бір қауіп болғанымен, ауруды басуға көмектеседі. Дегенмен тым көп рецепт жазып беруді қысқарту қажет, - дейді есірткілерді зерттеу саласындағы сарапшы Эндрю Колодный.
Ал Бразилия, Колумбия мен Перу шекараларына жақын өмір сүретін тұрғындар есірткі тасымалымен байланысты қылмыстардан қиындық көріп отыр. Өйткені шалғайдағы елді мекендерде құқық қорғау органдары да, медициналық мекемелер де жоқ. Соның салдарынан тұрғындар есірткі картельдерінен не қорғана да алмайды не қажетті ем-домды ала алмайды. Мұндай жағдай тіпті ел ішіндегі алып мегаполисте де байқалады.
Мәселен, бразилияның Сан-Паулу қаласында есіртінің кең таралғаны сонша, дүкендер жабылып, азаматтар қаладан жаппай көшіп жатыр.