Әлемде COVID-19 жұқтырғандар саны 131 млн-нан асты

4 Сәуір 2021, 17:02
1625
Бөлісу:
Әлемде COVID-19 жұқтырғандар саны 131 млн-нан асты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. COVID-19 індетін жұқтырған адамдар саны 131 миллионнан асты. 

Бұл туралы correspondent.net жазды.

Worldometer статистикасына бойынша 4 сәуір, жексенбі күнгі мәліметке сәйкес коронавирус инфекциясының 131 392 531 жағдайы тіркелді. АҚШ инфекциялар саны бойынша көшбасшы болып тұр.

Пандемия басталғаннан бері вирус 2 859 893 адамның өмірін қиды. Аурудан 105 768 594 науқас айықты.

COVID жағдайлары бойынша көшбасшылар:

- АҚШ (31 383 126 жағдай),

- Бразилия (12 953 597),

- Үндістан (12,484,509),

- Франция (4 741 759),

- Ресей (4 572 077).

Еске сала кетейік, 2020 жылдың 13 наурызынан, яғни індет басталғалы бері елімізде 253 107 адам індет жұқтырды, 3 092 адам қайтыс болды.

Сондай-ақ 4 сәуірдегі мәлімет бойынша, 27 516 адам коронавирус инфекциясынан (26 180 КВИ+ және 1 336 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 9 996 пациент стационарда, 17 520 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

Одан бөлек, Иран билігі коронавирустың төртінші толқыны елдің екі провинциясында басталғанын мәлімдегенін хабарладық.

Өзгелердің жаңалығы