Әлемде: АҚШ Газа секторын бақылауға алмақ, Израиль мен Аргентина БҰҰ ұйымдарынан бас тартты

Бөлісу:
Әлемде: АҚШ Газа секторын бақылауға алмақ, Израиль мен Аргентина БҰҰ ұйымдарынан бас тартты

BAQ.KZ тілшісі әлемде соңғы тәулікте болған оқиғаларға шолу жасап, жария болған жаңалықтар топтамасын ұсынады.

Әлемде: АҚШ Газа секторын бақылауға алмақ, Израиль мен Аргентина БҰҰ ұйымдарынан бас тартты
Alex Brandon/AP Photo/picture alliance

Трамп Газа секторын бақылауға алмақ

Дональд Трамп АҚШ-тың Газа секторын бақылауға алып, оны қайта құруға және палестиналықтарды басқа елдерге көшіруге дайын екенін айтты.

АҚШ Газа секторын өз иелігіне алып, оны қайта құруы керек, ал палестиналықтарды басқа елдерге көшіру қажет, – деді Трамп.

Ақ үй басшысы АҚШ-тың Газа секторын қалай басқаратыны туралы толық мәлімет бермесе де, өз идеясын былай түсіндірді:

АҚШ Газа секторын бақылауына алады және онда жұмыс жүргіземіз. Біз оны басқарып, барлық жарылмаған қауіпті бомбалар мен қару-жарақты жоямыз", – деді Трамп Вашингтонда Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен өткен бірлескен баспасөз мәслихатында.

Ол сондай-ақ, Газа секторын қиратылған ғимараттардан тазартқан соң, АҚШ бұл аумақтың экономикалық дамуына күш салатынын айтты.

Әлемде: АҚШ Газа секторын бақылауға алмақ, Израиль мен Аргентина БҰҰ ұйымдарынан бас тартты
Emmanuel Dunand/Pool Photo/AP/picture alliance

Израиль Адам құқықтары кеңесінен шығады

АҚШ-тан кейін Израиль де БҰҰ Адам құқықтары кеңесінің (АҚК) жұмысына қатысуды тоқтататынын мәлімдеді. Бұл туралы елдің сыртқы істер министрі Гидеон Саар әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Израиль президент Трамптың БҰҰ Адам құқықтары кеңесіне қатысудан бас тарту туралы шешімін қолдайды. Израиль АҚШ-қа қосылып, енді бұл Кеңестің жұмысына қатыспайды, – делінген министр жариялаған мәлімдемеде.

Саар БҰҰ Адам құқықтары кеңесін "адам құқықтарын бұзушыларды дәстүрлі түрде қорғап, Таяу Шығыстағы жалғыз демократия – Израильді қаралаумен айналысады" деп айыптады. 

Бұл орган адам құқықтарын ілгерілету орнына демократиялық елге шабуыл жасау мен антисемитизмді насихаттауға басымдық береді, – деп қосты ол.

Израильдің сыртқы істер министрі сондай-ақ Кеңестің оның еліне қатысты 100-ден астам айыптаушы қарар қабылдағанын атап өтті. 

Бұл Кеңес тарихында қабылданған барлық қарарлардың 20%-дан астамын құрайды, және бұл көрсеткіш Иран, Куба, Солтүстік Корея және Венесуэлаға қарсы қабылданған қарарлардан да көп, – деді Саар.

Әлемде: АҚШ Газа секторын бақылауға алмақ, Израиль мен Аргентина БҰҰ ұйымдарынан бас тартты

Аргентина да ДДСҰ-дан шығатынын мәлімдеді  

Президенттің баспасөз хатшысы Аргентина халықаралық ұйымның елдің егемендігіне, "әсіресе біздің денсаулығымызға" араласуына жол бермейтінін айтты.  

Аргентина президенті Хавьер Милей елді Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымынан (ДДСҰ) шығару туралы шешім қабылдады. Бұл қадам денсаулық сақтау саласын басқаруға қатысты "терең қайшылықтарға" байланысты жасалған. Бұл туралы Аргентина президентінің өкілі Мануэль Адорни баспасөз конференциясында мәлімдеді.  

Президент Хавьер Милей сыртқы істер министрі Херардо Вертейнге Аргентинаны ДДСҰ-дан шығару туралы тапсырма берді, – деді Адорни.  

Оның айтуынша, бұл шешім COVID-19 пандемиясы кезінде денсаулық сақтау саласын басқарудағы келіспеушіліктерге негізделген. Өйткені бұл "Аргентинаның бұрынғы президенті Альберто Фернандес үкіметімен бірге адамзат тарихындағы ең ұзақ карантинге және кейбір мемлекеттердің саяси ықпалынан тәуелсіздіктің болмауына алып келді".

Өзгелердің жаңалығы