Көптеген зерттеуші биологиялық түрлердің жойылуын табиғи процесс деп санайды. Эволюция нәтижесінде тірі организмдер түрлі өзгерістерге ұшырады, кейбірі жойылды. Жалпы, бір ғана түрдің жаппай жойылуынан 75 пайыз тірі ағза өмір сүруін тоқтатуы мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Тірі ағзалар шамамен екі миллион жылдан аз уақытта жойылады. Мұндай апаттың себебін биологтар жаһандық климаттың өзгеруінен деп түсіндіреді. Алайда, бұл ежелден қалған тау жыныстарынан алынған деректерге негізделген гипотеза екенін атап өткен жөн. Шын мәнінде, жаппай қырылу себебін анықтау өте қиын.
Кейбір ғалымдар бүгінде біздің планетамыз голоцен деп аталатын алтыншы жаппай жойылуды бастан кешіріп жатыр деп пайымдайды. Ол адам кінәсінен 12 мың жыл бұрын басталған.
Ғалымдардың мәліметінше, соңғы 500 жылда жер бетінен 902 түр (соның ішінде қосмекенділер, құстар, сүтқоректілер) жойылып кеткен. Мұның басты себептері – орманды кесу, шаруашылық , аңшылық. Мәселен, адам факторынан, ғалымдардың көзінше жойылған кезеген кептер, қалталы қасқыры және қытай өзенінің дельфині бар, - деп жазды Naked Science сайты.
Америкалық биолог Пол Эрлих бастаған Стэнфорд университетінің (АҚШ) және Мексиканың Ұлттық автономиялық университетінің бір топ зерттеушілері осы саладағы олқылықтың орнын толтыру үшін шешім қабылдады.
Зерттеушілер құрамы 1500 жылда омыртқалы жануарлардың 73 түрі адам әрекетінен (ормандардың кесілуі, урбанизация, ауыл шаруашылығы) жойылып кеткенін анықтады. Ең көп қырылған - құстар, олардың 44 тұқымы, одан кейін сүтқоректілер (21), қосмекенділер (5) және бауырымен жорғалаушылардың (3) өмір сүруін тоқтатқан.
Жұмыс авторларының айтуынша, қазір омыртқалы жануарлар соңғы миллион жылмен салыстырғанда 35 есе тез қырылып жатыр. Биологтар егер адам әрекеті болмаса, зерттеу көрсеткендей 73 емес, 500 жылда екі ғана тұқым жойылып кетер еді деп болжайды.
Жан жануар мен жәндіктердің елімізде қанша түрі бар?
Республика аумағында омыртқалы жануарлардың 835 түрі мекендейді, оның ішінде сүтқоректілердің 178 түрі, құстардың – 489 (олардың 396-сы Қазақстанда ұя салады, басқалары тек қыстауға ұшып келеді немесе көктем мен күзде ұшып кетеді), бауырымен жорғалаушылардың – 49, қосмекенділердің – 12, балықтардың – 104 және дөңгелек ауыздылардың 3 түрі бар.
Қазақстан аумағында омыртқасыздардың шамамен 100 мың түрі, оның ішінде жәндіктердің 50 мың түрі мекендейді.
Омыртқалы жануарлардың 128 түрі мен түршелері, соның ішінде балықтардың – 18, қосмекенділердің – 3, бауырымен жорғалаушылардың – 10, құстардың-57 және сүтқоректілердің 40 түрі Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.
Сонымен қатар, омыртқасыз жануарлардың 96 түрі, оның ішінде, буылтық құрттардың – 2, моллюскалардың (жұмсақ денелілер) – 6, шаян тәрізділердің – 1, өрмекшітәрізділердің – 2, жәндіктердің – 85 түрі еліміздің Қызыл кітабына енгізілген. Сүтқоректілердің 34 және құстардың 59 түрі аң аулау объектісі, - делінген Мәліметтер Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің ақпаратында.
Тұран жолбарысы
«Тұран жолбарысы» немесе («Каспий жолбарысы») - тұқымы бүгінгі таңда Орта Азия мен Қазақстанда мүлдем құрып біткен. Ғылыми тілде «Тұран жолбарысы» (кейде «Каспий жолбарысы») деп аталған жолбарыс тұқымы бертінге дейін Қазақстан мен Орталық Азияны мекендеген. 1950-жылдардың соңында бірде-бір тұқымы қалмаған тұран жолбарысы 1960 жылдары xалықаралық Қызыл Кітапқа енгізілгенмей қалған. Қазақстан жерінде жолбарыстардың көбірек мекендеген жері – Сырдария өзені мен Арал теңізінің бойы, кейінгісі Балқаш көлі мен Іле өзені аумағы болған.
Еске сала кетсек, 2021 жылы Қазақстан мен Ресейдің XVII өңіраралық ынтымақтастық форумында жолбарыс популяциясын қалпына келтіру мәселесі туралы сөз қозғалды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан аумағында тіршілік еткен Тұран жолбарысына қатысты дерек айтқан еді.
Әңгіме Тұран жолбарысы туралы болып отыр. Соңғы рет олар Қазақстанда өткен жүзжылдықтың 30-шы жылдарында кездесті. Ұлы Отан соғысы басталар алдында бұл жыртқыштар ел аумағынан көрінген жоқ, жойылып кетті, — деді Президент.
Тоқаев бұл дала жолбарыстары екенін, қазір Қазақстанда жолбарыстың популяциясын қалпына келтіру бойынша халықаралық жобаны жүзеге асыру жұмыстары жүріп жатқанын атап өтті.
Ресейлік ғалымдарды осы жобаға атсасылуға шақырамыз. Бұл үшін арнайы аумақ бөлінді. Бұл өте қызықты әрі келешегі зор жоба. Ресейлік мамандарды да өте қызықты жобаға қатысуға шақырамын,– деді Қасым-Жомарт Тоқаев.