Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Әлем жылына 10 млн гектар орманынан айырылып жатыр

18 Қараша 2025, 10:30
345
Бөлісу:
 Анадолу
Фото: Анадолу

Әлем бойынша жыл сайын шамамен 10 миллион гектар тропикалық орман жойылып отырады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

БҰҰ-ның Женевадағы өкілдігі америкалық X әлеуметтік желісінде осы мәліметті жариялады.

Әлем жыл сайын 10 млн гектар тропикалық орманнан айырылады. Әрбір жоғалған гектар — биологиялық әртүрліліктің азаюы, климаттың тұрақтылығына нұқсан және жергілікті қауымдастықтар үшін қауіптің күшеюі, – делінген хабарламада.

Сонымен қатар жарияланымда БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясына мүше елдердің 30-конференциясы (COP30) ормандарды жаппай кесуді тоқтатып, табиғатты қалпына келтіруге инвестиция салу үшін маңызды мүмкіндік екені атап өтілген.

Өзгелердің жаңалығы