Әлем кубогының кезеңдерінде қарағандылық спортшылар 37 медаль жеңіп алды

18 Маусым 2019, 19:45
2169
Бөлісу:
Әлем кубогының кезеңдерінде қарағандылық спортшылар 37 медаль жеңіп алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында жүзу бойынша Әлем кубогының кезеңдерінде қарағандылықтар 37 медаль, оның ішінде жеті алтын ұтып алды, деп хабарлады облыс әкімдігінің сайты. 

Венецияда өткен турнирдің бірінші кезеңіне алты қарағандылық қатысты. Олардың үшеуі - Наталья Звягинцева, Андрей Афанасьев пен Әлия Рахимбекова Кубоктың қатарынан екі кезеңіне қатысып, Венеция мен Берлинде жарысты. Спортшылар 20 медаль, оның ішінде 2 алтынды Италиядан алып келді. Тағы 17 медаль, оның ішінде бес алтын – Германияда қол жеткізген жетістік. Жүзушілер атап өткендей, екінші кезеңде көрсеткен өнерлері сәттірек болды.

"Біз жақсылап бой жаздық, Италияда сәттірек жүздік деп ойлаймын. Онда 50 метрлік бассейн бар. Біздің Қарағандыдағы жаттығу бассейніміз анағұрлым кішірек. Сондықтан да жаңа нысанға үйрену керек болды, әрине, бұл Венециядағы нәтижелерімізге әсер етті. Бірақ екінші кезеңде Берлинде біз икемделіп алдық. Сондықтан көрсеткіштеріміз әлдеқайда жақсы болды", - дейді спортшы Наталья Звягинцева. 

Қазір жүзушілер Лондонда өтетін әлем чемпионатына дайындалуда. Қарағанды мамандандырылған мүгедектер спорт мектебінде барлығы 144 адам жүзумен айналысады.

Өзгелердің жаңалығы