Әлем кубогы кезеңінде Милад Карими алтын еншіледі

Мысыр астанасы Каирде өтіп жатқан спорттық гимнастикадан әлем кубогы кезеңінде қазақстандық Милад Карими алтыннан алқа тақты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 olympic.kz 27 Сәуір 2025 2025, 21:38
27 Сәуір 2025 2025, 21:38
999
Фото: olympic.kz

Мысыр астанасы Каирде өтіп жатқан спорттық гимнастикадан әлем кубогы кезеңінде қазақстандық Милад Карими алтыннан алқа тақты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ол еркін жаттығудың финалында шебер өнер көрсетіп, төрешілер тарапынан 14.133 ұпай алды.

Болгария өкілі Эдди Пенев (13.966 ұпай) күміс жүлдегер атанды. Үздік үштікті украиналық Назар Чепурный (13.866) түйіндеді.

Милад Карими бұдан бұрын Хорватияның Осиек қаласында кермедегі жаттығудан алтын алған еді. Ал Дохада еркін жаттығудан алдына жан салмаған болатын.

Наверх