Әлем кубогі: Қазақстандық спортшылар конькимен жүгіруден төрт алтын медаль жеңіп алды

Халықаралық турнир Германияда өтіп жатыр.

 ҰОК Кеше 2026, 18:12
Кеше 2026, 18:12
468
Фото: ҰОК

Германияның Инцелль қаласында конькимен жүгіруден жасөспірімдер арасында Әлем кубогінің кезеңі басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Халықаралық турнирдің алғашқы күні Қазақстан құрамасы төрт алтын медаль жеңіп алды.

Кристина Шумекова 1000 және 3000 метр қашықтықтарда топ жарды.

Нео-сеньорлар арасындағы 1000 метрде жүлделер толықтай қазақстандық спортшыларға бұйырды. Инесса Шумекова бірінші орын алды, Дарья Важенина екінші болды, ал Алина Дауранова үздік үштікті түйіндеді. Сондай-ақ Қазақстан (нео-сеньорлар) әйелдер арасындағы командалық спринтте жеңіске жетті.

Андрей Семёнов 1000 метрде (нео-сеньорлар) күміс жүлдеге ие болды. Ал әйелдер арасындағы командалық спринтте Қазақстан жасөспірімдер құрамасы екінші орын алды.

Сондай-ақ Қазақстан құрамасы ерлер арасындағы командалық спринтте (нео-сеньорлар) қола медальға ие болды.

Наверх