Спорттық гимнастикадан Қазақстан құрамасының спортшысы Милад Карими Германияның Котбус қаласында өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінде алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды BAQ.KZ Ұлттық олимпиадалық комитетке сілтеме жасап.
Оқи отырыңыз:
Қазақстандық спортшы еркін жаттығуда үздік атанды. Финалда Карими 14,133 ұпай жинап, жалпы есепте бірінші орынға ие болды.
Екінші орын жапондық Кацуки Минамиге бұйырды – 13,666 ұпай. Ал үздік үштікті 13,533 ұпаймен италиялық Никколо Вануччи түйіндеді.