Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Әлем кубогі: Боксшы Нұрбек Оралбай келесі айналымға өтті

Әсел ӘБІЛБЕК
1 Шілде 2025, 16:40
631
Бөлісу:
 ҰОК
Фото: ҰОК

Астанада өтіп жатқан Әлем кубогі кезеңінің екінші күнінде Нұрбек Оралбай келесі айналымға өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

80 келіде шаршы алаңға шыққан Нұрбек Оралбайдың қарсыласы әзербайжандық Мурад Аллахвердиев болды. Жекпе-жек нәтижесі бойынша Нұрбек Оралбай 5:0 есебімен жеңіске жетті.

Айта кетейік, екеуі бұған дейін Париж Олимпиадасының 1/4 финалында жолыққан. Сол кезде де нәтиже біздің боксшының пайдасына шешілген еді.

Нұрбек Оралбай 2024 жылғы Париж олимпиадасының күміс жүлдегері екенін де еске сала кетейік.

Жарыстың бірінші күні қалай өткенін BAQ.KZ тілшісі дайындаған репортаждан көре аласыздар.

Өзгелердің жаңалығы