Әлем чемпионатына қатысатын дзюдошылардың есімдері белгілі болды

8 Тамыз 2019, 09:58
3121
Бөлісу:
Әлем чемпионатына қатысатын дзюдошылардың есімдері белгілі болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 25 тамыз күні Жапония астанасы Токиода дзюдодан әлем чемпионаты басталады, деп хабарлады ҰОК баспасөз қызметі.

Қазақстан командасы маусымдағы ең ірі спорттық додаға қызу дайындық үстінде. Бас бапкер Айдын Смағұлов әлем біріншілігінде ел намысын қорғайтын спортшылар есімін атады. 

«Дзюдодан Қазақстан командасы Бурабайдағы «Жақсы» спорт базасында дайындық өткізуде. Бұл әлем чемпионаты қарсаңындағы негізгі дайындық кезеңдерінің бірі. 16 тамызда Алматыға оралып, Новоалексеевкада тоғыз күндік жиын өткіземіз. Содан соң әлем чемпионатына аттанамыз», - деді бас бапкер.  

2019 жылы Токиода өтетін дзюдодан әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан командасы: 

60 келі: Елдос Сметов, Ғұсман Қырғызбаев 

66 келі: Ерлан Серікжанов, Елдос Жұмақанов 

73 келі: Жансай Смағұлов 

81 келі: Дидар Хамза, Руслан Мұсаев 

90 келі: Ислам Бозбаев 

100 келі: Айбек Серікбаев 

Аралас командалық сын: 

73 келі: Серік Ақылбек 

90 келі: Ислам Бозбаев 

+100 келі: Ерасыл Қажыбаев

Өзгелердің жаңалығы