Әлем чемпионатына қатысатын балуандар белгілі болды

Иордания астанасы Амман қаласында өтетін күрес түрлерінен 20 жасқа дейінгі жастар арасында әлем чемпионатына қатысатын балуандарымыз белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

11 Тамыз 2023 2023, 18:09
АВТОР
 11 Тамыз 2023 2023, 18:09
11 Тамыз 2023 2023, 18:09
1154

Иордания астанасы Амман қаласында өтетін күрес түрлерінен 20 жасқа дейінгі жастар арасында әлем чемпионатына қатысатын балуандарымыз белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Дүбірлі додада 14-20 тамыз аралығында өтеді. Оған еліміздің атынан грек-рим, еркін және әйелдер күресінен спортшылар қатысады.

Бапкерлер грек-рим күресінен Исхар Құрбаев (55 келі), Сайфулла Құрман (60 келі), Дінислам Сағитжан (63 келі), Азиз Гасымов (67 келі), Елдос Камелов (72 келі), Олжас Ерғали (77 келі), Ислам Евлоев (82 келі), Нұрасыл Аманалы (87 келі), Нұртас Қыдырбай (97 келі) мен Джохар Узаров (130 келі) сынды балуандарға сенім артып отыр.

Наверх