Будвада (Черногория) бокстан жастар арасындағы әлем чемпионаты жалғасып жатыр. Қазақстаннан сегіз боксшы медаль алу мүмкіндігіне ие болды, деп хабарлайды BAQ.KZ Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Жартылай финалға Диас Берікбай (48 келіге дейінгі салмақта), Төрехан Сабырхан (67 келіге дейінгі салмақта), Санжарәлі Бегалиев ( 75 келіге дейінгі салмақта), Расул Асанханов (92 келіге дейінгі салмақта), Әнел Әбдірасилова (48 келіге дейінгі салмақта), Толғанай Қасымхан (60 келіге дейінгі салмақта), Аружан Жанабаева (63 келіге дейінгі салмақта), Аружан Зейноллаева (81 келіге дейінгі салмақта) жолдама алды.
Бұл боксшылар кем дегенде «қола» алады.
Бүгін, 30 қазанда кезекті ширек финалдар өтеді. Рингке тоғыз қазақстандық шығады.