Иордания астанасы Амман қаласында өтіп жатқан күрес түрлерінен 20 жасқа дейінгі жастар арасындағы әлем чемпионатында грек-рим күресінен Исхар Курбаев чемпион атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жетісу облысының өкілі 55 келі салмақта финалда әзербайжандық Фарид Садихлимен сынға түсті. Белдесу барысында жинақы қимыл көрсетті. Нәтижесінде қарсыласынан 5:1 есебімен басым түсіп, әлем чемпионы атанды.
Исхар алғашқы белдесуінде түрік Эмре Мутлудан, одан кейін түркімен Абдували Рахимбаевтан басым түсті. Ал жартылай финалда қырғыз Нуристон Суйоркуловты жеңді.