Әлем чемпионаты: Алматбек Аманбек қарсыласын мерзімінен бұрын жеңді

Астанадағы Әлем чемпионатында 72 келіге дейінгі салмақта белдескен отандасымыз хорватиялық балуанды жеңді.

 ҰОК 25 Қазан 2026, 14:17
25 Қазан 2026, 14:17
169
Фото: ҰОК

Қазақстандық балуан Алматбек Аманбек грек-рим күресінен Астанада өтіп жатқан әлем чемпионатында бірінші кездесуін сәтті өткізді.

Отандасымыз 72 келіге дейінгі салмақтың 1/8 финалында Хорватия өкілі Павел Пуклавецпен белдесті.

Бірінші кезең хорватиялық балуанның пайдасына аяқталды.
Дегенмен екінші үш минуттықта Алматбек сәтті әдіс жасап, мерзімінен бұрын жеңіске жетті. 

Наверх