Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ямайкалық 23 жастағы Тони-Энн Сингх "Әлем аруы -2019" халықаралық байқауының жеңімпазы атанды. Бұл туралы байқаудың Instagram желісіндегі ресми парақшасында жарияланды.
Осыған дейін оңтүстікафрикалық қыз "Ғалам аруы - 2019" атанған екен.
Марапаттау рәсімі кеше Лондонда өтті. Тони-Энн Сингх халықаралық сән байқауында Ямайка атынан қатысып, жеңіске жеткен екінші қыз. Соңғы рет 1993 жылы осы елдің бұрымдысы "әлем аруы" атанған еді, - делінген хабарламада.
Бірінші вице-мисс атағы француздық Офели Мезино алды. Екінші вице-мисс үндістандық Суман Рао жеңді.
Айта кетейік, Қазақстанның атынан осы байқауға 20 жастағы Мадина Батық қатысқан еді.