Александра Троицкая: Бейжің Олимпиадасында ел намысын қорғау - үлкен мәртебе

28 Қаңтар 2022, 10:00
1131
Бөлісу:
Александра Троицкая: Бейжің Олимпиадасында ел намысын қорғау - үлкен мәртебе

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Александра Троицкая 2022 жылғы Бейжің Олимпиадасында тау шаңғысынан сынға түседі. 

Спортшы төртжылдық додасында Қазақстан намысын қорғау үлкен абырой екенін жасырмайды деп хабарлайды Olympic.kz. 

Қазақстан намысын Олимпиада ойындарында қорғау – үлкен абырой. Бұл төрт жылдан бергі менің арманым еді. Міне, сол арманым орындалуда. Олимпиадалық құрамаға енгенімді естігенде қатты қобалжыдым. Өйткені, бұл мен қатысатын әлемдік деңгейдегі маңызды дода, - Троицкая. 

Айта кетелік, Қазақстан командасы Бейжіңге 27 қаңтар күні ұшып кетті. 

Өзгелердің жаңалығы