Александр Недовесов Ролан Гаррос турнирін сәтті бастады

31 Мамыр 2023, 22:46
538
Бөлісу:
Александр Недовесов Ролан Гаррос турнирін сәтті бастады
Фото: ktf.kz

Қазақстандық Александр Недовесов жұптық сында Ролан Гаррос турнирін жеңіспен бастады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстандық теннисші мексикалық Мигель Анхель Рейес-Вареламен бірге бастапқы кездесуін жарыстың 16-ракеткалары, америкалықтар Джексон Уитроу - Натаниэль Лэммонспен шеберлік байқасты.

Бірінші партияда америкалық жұп басымдылық танытты - 6:3.

Есесіне одан кейін қазақстандық-мексикалық дуэт күш алып кетті - 6:1, 6:4.

Бір сағат 47 минутқа созылған тартысты бәсеке барысында Мигель мен Александр 5 эйс жасап, 8 брейк-пойнттың тең жартысын пайдалана білді.

Қарсыластары 11 эйс, 2 брейкпен (6 брейк-пойнт) көзге түсті.

Рейес-Варела мен Недовесов екінші айналымда уругвайлық Ариэль Беар - чехиялық Адам Павлашекпен ойнайды.

Өзгелердің жаңалығы