Александр Недовесов Нидерландтағы турнирдің финалына шықты

Қазақстанның жұптық сындағы бірінші ракеткасы Александр Недовесов Хертогенбос (Нидерланд) ATP 250 турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 Қазақстан теннис федерациясынан 17 Маусым 2023 2023, 01:39
17 Маусым 2023 2023, 01:39
905
Фото: Қазақстан теннис федерациясынан

Қазақстанның жұптық сындағы бірінші ракеткасы Александр Недовесов Хертогенбос (Нидерланд) ATP 250 турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстандық теннисші эквадорлық Гонсало Эскобармен бірге жартылай финалда аустралиялықтар Алекс Де Минаур - Джордан Томпсонмен ойнауы керек еді.

Алайда қарсыластары белгісіз себептермен матчқа келген жоқ.

Қазақстандық-эквадорлық жұп финалда жарыстың бірінші ракеткалары, нидерландылық Уэсли Колхоф - ұлыбританиялық Нил Скупскимен бас жүлдені сарапқа салады.

Наверх