ERG баспасөз қызметі Александр Машкевичтің неден қайтыс болғанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
2025 жылғы 22 наурызда 72 жасында, ұзаққа созылған сырқаттан белгілі қазақстандық кәсіпкер және қоғам қайраткері, Eurasian Resources Group (ERG) компаниясының негізін қалаушылардың бірі Александр Антонович Машкевич өмірден өтті. Ол 2014 жылдан 2024 жылға дейін ERG Директорлар кеңесінің төрағасы болды. Сондай-ақ, Машкевич ұзақ жылдар бойы «Еуразиялық банк» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы қызметін атқарды, – деп хабарлады компаниялар тобының баспасөз қызметі әлеуметтік желілерде.