Қазақстандық теннисші Александр Бублик Нтидерланды елінде өтіп жатқан «Rotterdam Open» жарысының екінші айналымына өте алмады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Алғашқы кезеңде отандасымыз швейцариялық Стэн Вавринкамен кездесіп, екі сет қорытындысы бойынша 7:6 (7:5), 6:4 есебімен жеңілді.
1 сағат 39 минутқа созылған матчта қазақстандық спортшы 4 қосарланған қателікке жол беріп, 6 эйс жасады.
Александр осымен қатарынан оныншы матчта жеңілді. Ол 2022 жылдың қазан айынан бері жеңіске жете алмай жүр.