Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Александр Бублик теннистен Швейцариядағы турнирде топ жарды

20 Шілде 2025, 17:43
554
Бөлісу:
 ҰОК
Фото: ҰОК

Қазақстан құрамасының көшбасшысы Александр Бублик Швейрацияның Гштаад қаласында өткен топырақты корттағы ATP 250 турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Отандасымыз ақтық сында аргентиналық Хуан Мануэль Серундоломен өзара мықтыны анықтады.

2 сағат 7 минутқа созылған бәсекеде Бублик 13 эйспен бірге 14 брейк-пойнттың төртеуін өз еншісіне жазды. Осылайша, 6:4, 4:6, 6:3 есебімен жеңіске жетті.

Айта кетейік, бұл - Александр Бубликтің топырақты корттағы алғашқы финалы.

Өзгелердің жаңалығы