Александр Бублик пен Александр Шевченконың Олимпиададағы қарсыласы кім

26 Шілде 2024, 07:48
368
Бөлісу:
Александр Бублик пен Александр Шевченконың Олимпиададағы қарсыласы кім
Фото: Туризм және спорт министрлігі

Париж Олимпиадасының теннистен жекелей сынның жеребе тарту рәсімі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.

Ерлер арасында Ұлттық құрама көшбасшысы Александр Бублик ойындардағы тұсаукесер матчында америкалық Тейлор Фрицпен сынға түседі. Қазір қазақстандық ATP рейтингінде 25-ші, ал қарсыласы 11-орында тұр. Екеуі осыған дейін 5 мәрте кездескен. Бұл текетіресте Бублик 3-2 есебімен алда тұр.

Ал Александр Шевченко болса 1-айналымда 18 жастағы чех спортшысы Якуб Меншикпен ойнайды. Екеуі былтыр Словакияда кортта кездескенде Якуб басым түскен.

Өзгелердің жаңалығы