Александар Винокуров: Биыл Tour of Almaty веложарысы өткізілмейді

<h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл халықаралық Tour of Almaty велокөпкүндігі өткізілмейді. Бұл туралы&nbsp;Astana Pro Team командасының бас менеджері Александр Винокуров айтты, деп хабарлады&nbsp;Olympic.kz.</h4>

 28 Сәуір 2020 2020, 10:10
28 Сәуір 2020 2020, 10:10
1358

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл халықаралық Tour of Almaty велокөпкүндігі өткізілмейді. Бұл туралы Astana Pro Team командасының бас менеджері Александр Винокуров айтты, деп хабарлады Olympic.kz.

Өкінішке қарай, Tour of Almaty веложарысын биыл өткізе алмаймыз. Визалық режимге байланысты бұл шешімді Алматы қаласының әкімдігі қабылдады. Қазір виза режимі тоқтап тұр, сол себепті, шетелдіктердің Қазақстанға келуі қиындық туғызады. Сондықтан, жарыс кәсіби спортшылар арасында өтпейді. Бірақ әуесқойлар арасында ұйымдастырылады. Федерация президенті Нұрлан Смағұлов велоспортты мейілінше қарқынды дамытуда. Сол себепті, әуесқойлардың бақ сынайтын мүмкіндігі бар, - деді Винокуров.  
Наверх