Алдияр Серік Ислам ынтымақтастығы ойындарында алтын медаль жеңіп алды

Қазақстандық спортшы Алдияр Серік Ислам ынтымақтастығы ойындарында джиу-джитсудан алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

 Нұрғали Жұмағазы 20 Қараша 2025 2025, 17:10
20 Қараша 2025 2025, 17:10
469
Фото: Нұрғали Жұмағазы

Қазақстандық спортшы Алдияр Серік Ислам ынтымақтастығы ойындарында джиу-джитсудан алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Эр-Риядта өткен финалдық жарыста 69 килограмға дейінгі салмақ дәрежесінде Серік Ислам үй иесі Мохаммед Хураймиладан басым түсіп, жеңіске жетті.

Еске салайық, бұған дейін Ислам ынтымақтастығы ойындарында Мариан Журавлёва джиу-джитсудан алтын медаль жеңіп алған болатын. 

Наверх