Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің мүшесі Сүйіндік Алдашев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында Сырым ауданында болды, деп хабарлайды Сенеттың баспасөз қызметі.
Сенатор Алғабас ауылының тұрғындарымен, Бұлан мектебі және Сырым аудандық орталық ауруханасының ұжымымен кездесті.
Кездесулерде еліміздің Конституциясына енгізілетін түзетулер және алдағы референдумға дайындық мәселесі талқылаудың негізгі тақырыбы болды.
Бір аптадан кейін Қазақстанда маңызды оқиға болады. Конституциялық реформа – әрбір қазақстандыққа саяси жүйені демократияландыру процесі мен жаңа Қазақстанның құрылысына тікелей қатысуға мүмкіндік беретін, еліміздің саяси трансформациясының маңызды қадамдарының бірі, - деп атап өтті Сүйіндік Алдашев.
Кездесу барысында биылғы жылғы 5 маусымда бүкілхалықтық референдумға қатысуға дайындық туралы айтылды. Жергілікті тұрғындар депутатқа өздерін толғандырып жүрген сұрақтарды да қойды.