Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Парламент Сенатының депутаты Сүйіндік Алдашев айтты.
Қазір таңда қалаға қандай бір әкім келіп өз қалауынша өзгеріс енгізеді. Кейіннен бұл жерді бұлай істемеу керек еді деген секілді қарсы пікірлер пайда болады. Бұл Министрлік жобасында біздің қазақтың «бір бас жақсы, екі бас одан да жақсы» мақалы ескеріліп отыр. Сол себепті ақылдасып пішкен тонымыз келте болмайды. Әрине, Маңғыстау тұрғыны ретінде біраз әлеуметтік мәселенің бар екенні мойындаумыз қажет, -деді ол.
Сондай-ақ депутаттың сөзінше, Ақтау қаласы тек өңір қаласы емес бүкіл қазақстандықтардың қаласына айналып бара жатыр.
Бүгін өте өзекті мәселелер көтерілді. Өте құптарлық жобалар. Мемлекет басшысы әркез «Еститін мемлекет» болумыз керек екенін жиі айтады. Ал біз қаланың мәселесін халықпен бірге ақылдасып бірге шешпекпіз, -деді Сүйіндік Алдашев.
Еске салайық, бүгін орталық коммуникациялар алаңындағы дөңгелек үстелде Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев еліміздегі қалалар аумағын сапалы жоспарлау стандарттары жобасын ұсынды.