Нұр-Сұлтандық қарияларды алдап келген алаяқ ұсталды

5 Маусым 2019, 14:13
1724
Бөлісу:
Нұр-Сұлтандық қарияларды алдап келген алаяқ ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордалық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шарасы барысында қала аумағында қатарынан бірнеше рет алаяқтық фактісін жасаған 57 жастағы Ақмола облысының тұрғынын қолға түсірді.

«Белгілі болғандай, ер адам алаяқтық фактісін жасауға тыңғылықты дайындалған. Зардап шеккендер туралы көршілерінен немесе таныстарынан толық мағлұмат алып барып қана, қылмыстық әрекетін жүзеге асырған. Адамдардың сеніміне кіріп, шетелде тұратын туыстарынан сәлемдеме келді деп, сол үшін ақша алып отырған. Негізінен, оның тұзағына жалғыз тұратын қариялар түскен» - дейді Нұр-Сұлтан қаласы ПД Баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері 4 факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын жүргізуде. Күдіктінің осы тәріздес өзге де қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп, Нұр-Сұлтан қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Полиция қызметкерлері азаматтарға сақ болуын ескертеді.

«Егерде Сізде ұсталған азаматтың қылмыстық әрекеттері туралы қандай да бір ақпарат болса, полиция қызметіне 71-67-90, 8-777-417-03-31, 8-778-999-73-43 телефондары арқылы немесе 102 пультіне хабарласуларыңызды сұраймыз» - дейді ПД қызметкерлері.

Өзгелердің жаңалығы