Алдағы жылдарда Қостанайда автомобиль өндірісі артады

3 Желтоқсан 2021, 17:43
1291
Бөлісу:
Алдағы жылдарда Қостанайда автомобиль өндірісі артады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов мәлімдеді.

Оның айтуынша, машина жасау саласында 363,7 млрд теңгенің өнімі өндірілген.

Облысымызда машина жасау саласы ерекше. Сол себепті жеке тоқталғым келеді. Есепті кезеңде мұнда 363,7 млрд теңгенің өнімі өндірілді, өсімі - 17,7 пайыз. Автоөнеркәсіп 2021 жылдың наурыз айынан бастап KIА маркалы автомобильдерді құрастыра бастады және осы жұмыс істеген кезеңде 7 863 көлік шығарылған. Биылғы шілде айында «АвтоВаз» және «Renault Россия» компанияларымен бірлесіп, LADA автомобильдік желісінің және Renault автомобильдерінің өндірісі жолға қойылды, - деді өңір басшысы.

Мұхамбетовтың мәлімдеуінше, кәсіпорын шағын тораптық әдіспен (CKD) автомобильдер өндірісі жобаларын ұлғайту жоспарланып отыр. Өткен кезеңде «СарыарқаАвтоПром» ЖШС конвейерінен барлығы – 44 115 көлік құрастырылып, оның 6 мыңнан астамы экспортқа жіберілген.




Өзгелердің жаңалығы