Алдағы үш тәулікке арналған ауа райы болжамы

12 Тамыз 2020, 12:21
1326
Бөлісу:
Алдағы үш тәулікке арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктері 2020 жылғы 13-15 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды.

Алдағы үш күн ішінде оңтүстік циклон Қазақстанның солтүстік-шығыс өңірлеріне ауысады және тұрақсыз ауа райын сақтайды. Республиканың басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Батыста, солтүстік-батыста, солтүстік-шығыста және шығыста кей жерде қатты жаңбыр жауады. Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты кей жерде дауыл, желдің күшеюі күтіледі. Бұршақ түсуі мүмкін. Солтүстік-батыста және солтүстікте тұман болады. Тек еліміздің оңтүстігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы