Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

<p> Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидромет еліміз&nbsp;бойынша 2021 жылғы 26-28 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады.<br> </p>

25 Наурыз 2021 2021, 13:39
АВТОР
 25 Наурыз 2021 2021, 13:39
25 Наурыз 2021 2021, 13:39
2963

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидромет еліміз бойынша 2021 жылғы 26-28 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Алдағы үш күнде Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады. Біздің еліміздің аумағында Жерорта теңізі мен Солтүстік-Батыс аймақтарынан екі циклон бірігеді. Олар республиканың басым бөлігінде ауа райын анықтайды. Олардың келуімен барлық өңірде жауын-шашын, кей жерде қатты көктайғақ, бұрқасын күтіледі, еліміздің оңтүстігінде найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін, сондай-ақ ауа температурасының аздаған жоғарылауы болжанады, - делінген хабарламада.

Наверх