Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

22 Сәуір 2022, 12:56
1325
Бөлісу:
Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алдағы күндері еліміздің солтүстік өңірлері Солтүстік-Батыс антициклонның ықпалында болады, бұл жауын-шашынның тоқтауына, түнгі ауа температурасының 5-10 аязға дейін төмендеуіне әкеледі. 

Ал циклонның Жерорта теңізі аймағынан ығысуымен, республиканың қалған аумағында жаңбыр жауады. 

Елдің шығысы мен орталығында, жаңбыр мен ылғалды қар түрінде тұман, көктайғақ, республиканың оңтүстігінде найзағай, бұршақ және қатты жел күтіледі. 

Кезеңнің соңына қарай, елдің басым бөлігінде (оңтүстік өңірлерді қоспағанда), соның ішінде солтүстікте 10-18 градусқа дейін, ал батыста 20-25 градусқа дейін күндізгі ауа температурасының біртіндеп көтерілуі болжанады.

Өзгелердің жаңалығы