Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

8 Ақпан 2023, 12:15
1073
Бөлісу:
Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы
Фото: pixabay.com

Синоптиктер еліміз бойынша алдағы үш күнге, 9-11 ақпанға арналған ауа айы болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оңтүстік және шығыс өңірлерде оңтүстік циклон жырасының ықпалымен; солтүстігінде және солтүстік – батысында-Салехард аудандарынан циклон жырасымен ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады. Еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында 9 ақпанда  жауын–шашын, 10 ақпанда қар жауады. 

Сондай-ақ, аталған өңірлерде көктайғақ болады.

Республика бойынша тұман, жаяу бұрқасын және желдің күшеюі болжанады. 11 ақпанда батыс антициклонының жотасы оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарға ауысады, соның әсерінен жауын-шашын біртіндеп тоқтап, түнгі температура 8-21 аязға дейін төмендейді.

Өзгелердің жаңалығы