Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

28 Қараша 2022, 16:04
11226
Бөлісу:
Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Синоптиктер еліміз бойынша алдағы үш күнге, 29 қараша – 1 желтоқсанға арналған ауа айы болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Болжам бойынша, 29-30 қарашада еліміздің шығыс облыстарында аязды ауа райы сақталады, ал қалған облыстарда аяздың төмендеуі күтіледі.

30 қараша – 1 желтоқсанда республиканың басым бөлігінде оңтүстік циклонның күшеюі күтілуде. Оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстардың таулы аймақтарында жаңбыр мен қар түріндегі қатты жауын-шашын болады. Республика бойынша жел күшейіп, оңтүстік-шығыста көктайғақ, солтүстікте, шығыста, орталықта бұрқасын жел күтіледі, – делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.

Сондай-ақ синоптиктер түнде ауа температурасы қандай болатынын болжады. 

Болжамға сәйкес республиканың батысында -5, -15 градус аяз, солтүстік-батыста -10, -28 градус аяз, солтүстік облыстарда -15, -25 градусқа дейін аяз, ал республиканың орталығында -5, -20 градусқа дейін аяз, елдің шығысында 33-43 градусқа дейін төмендеп, аяз күтіледі.

Бұл ретте ауа температурасы республиканың шығысында -20, -30 градусқа дейін төмендейді,  оңтүстікте -7, -3 градус аяз, оңтүстік-шығыста -5, -15 градусқа дейін жетпек. 

Өзгелердің жаңалығы